Мұхтар Тілеуберді Қазақстан Республикасының Австриядағы Елшісі болып тағайындалды

Qaz365.kz редакциясы

Президент тиісті жарлыққа қол қойды

Gov.kz

ҚР Премьер-министрінің бұрынғы орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның Австриядағы Елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тиісті жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 14 тамызда қол қойды.

"Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда таратқан ресми ақпаратта.