Астанада кәсіпкерге қысым көрсетіп, 300 мың теңге талап еткен

Qaz365.kz редакциясы

Ол пара алып жатқан жерінен ұсталды

tengrinews.kz/ Turar Kazangapov

ҚМА Ішкі қауіпсіздік департаменті елордалық экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп өзін фискалдық органдардың қызметкері ретінде таныстырып, кәсіпкерлерді ойдан шығарылған қамқорлық үшін заңсыз сыйақы беруге мәжбүрлеген азаматты ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жүргізіліп жатқан тергеу материалдарына сәйкес, аталған азамат кәсіпкерден моральдық қысым көрсетіп, 300 мың теңге ақша талап еткен. 

"Бұл жайт мессенджердегі хабарлама және аудиожазбалармен расталады. Жалған қызметкер қажетті соманың екінші жартысын алу кезінде парамен ұсталды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде”, – делінген хабарламада.

 ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды. 

"Құрметті кәсіпкерлер! Өздерін фискалдық және басқа органдардың қызметкерлері деп таныстырған азаматтардың заңсыз сыйақы талап етіп, қысым көрсету фактілеріне тап болсаңыз, ҚМА call-орталығына 1458 телефоны арқылы дереу хабарласуыңызды сұраймыз”, – делінген хабарламада.