Аталған қызметті Электрондық үкімет порталының «Азаматтарға» – «Отбасы» бөлімінен табуға болады
Енді қазақстандықтар eGov.kz «Электроннық үкімет» порталында туу туралы куәлікке, аты-жөнін өзгертуге, неке қию және ажырасу, бала асырап алу мен қайтыс болу туралы актілік жазбаларға өздері өзгеріс енгізе алады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ол үшін «Азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» қызметіне өзгерістер жасау және құжаттарды қайта шығару негіздемелерін көрсетіп, растайтын құжаттармен қоса өтінім беру керек.
Қандай жағдайларда құжаттарға өзгеріс енгізуге болады:
«Біраз қазақстандық eGov.kz порталында актілік жазбаларға өз бетінше өзгеріс енгізуге болатынын біле бермейді. Мұнда Сіз туу туралы, неке қию туралы және некені бұзу туралы куәліктер секілді құжаттарға енгізілген өзгерістерді қоса алып, оларды қайта шығаруға өтініш бересіз. Мәселен, егер бұрын адамның тегін өзгерту үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына бару керек болса, қазір оны электронды түрде жасауға болады және ол үшін кезекте тұрудың қажеті жоқ», – деді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.