Жөндеуге 1,5 миллион теңге бөлінген Ленин ескерткішін трактор қағып кетті

Qaz365.kz редакциясы

Алтайдағы Ленин ескерткіші жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштер тізімінде екен

didar-gazeti.kz

Шығыс Қазақстан облысында орналасқан Алтай қаласында (бұрынғы Зырян) Лениннің ескерткшін абайсызда трактор қағып кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеода тракторшы Лениннің мүсінін абайсызда құлатып алған. 

Бұған дейін осы Алтайда пролетариаттардың көсемінің ескерткіші жаңартылатыны туралы ақпарат тараған. Қалалық мәслихат бюджеттен 1 миллион 449 мың теңге бөлуді мақұлдаған. Алтайдағы Ленин ескерткіші жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштер тізімінде екен. Бұл жөнінде журналистерге Алтай қаласы әкімінің орынбасары Жанна Асқарова да, жергілікті мәслихат төрайымы Лариса Гречушникова да мәлімдеген еді. 1962 жылы тұрғызылған ескерткіштің қызыл гранит тұғыры жөнделеді.

Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, елімізде бүгінде Лениннің 109 ескерткіші мен мүсіндері бар.

Тракторшының ескерткішті қалай құлатқанын мына жерден көре аласыз: видео