Президентпен кездесуге кешігіп келген оқушы таңғалдырды

Qaz365.kz редакциясы

Ол Тоқаевқа өзі жасаған жұмыс үстелі органайзерін сыйға тартты

видеодан кадр

Үшінші сынып оқушысы Сәлім Көпеев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзі жасаған жұмыс үстелі органайзерін сыйға тартты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мен кездесуге кешігіп қалдым, дәретханада болған едім. Мынау сізге сыйлық, үстелге арналған органайзер. Парта үсті үнемі мектеп заттарымен былығып жатады, соларға алаңдап, үлгермей қаласың. Әкем екеуіміз барлық сыныпқа арналған осындай органайзердің жобасын жасадық. Оны өзім басып шығардым», - деді Сәлім Көпеев.

Президент жас өнертапқыштың сыйлығын ризашылықпен қабылдап, оған сәттілік тіледі.

Видеоны мына жерден көре аласыз.