Қарағанды облысы әкімінің орынбасарының жиені Вагнер ЖӘК құрамында Украинадағы соғыста қаза тапқан

Qaz365.kz редакциясы

Оның қазасы мен қазақ шенеунігімен туысқандығы жақында белгілі болды

"Военный обозреватель" Telegram арнасы

Қарағанды ​​облысы әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басиннің жиені делінген Николай Басин Украинадағы Бахмут маңында қаза тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі “Военный обозреватель” Telegram арнасына сілтеме жасап.

poteru.net жоба сайтының мәліметі бойынша, Николай Басин Ресей Федерациясы Вологда облысы Вохтог қаласының тумасы болған. Ол Вагнер ЖӘК құрамында соғысып, 2022 жылы 7 қарашада Украинаның Донецк облысындағы Бахмут қаласының маңында қаза тапты. Оның қазасы мен қазақ шенеунігімен туысқандығы жақында белгілі болды.

“Николайдың туыстарының айтуынша, ол Ресей Федерациясының Қарулы Күштері қатарына жұмылдырылған, бірақ оның өтініші бойынша жігіт Вагнер ЖӘК-ке ауысты. Вадим Басин жиенін жерлеу рәсіміне қатысу үшін Қазақстаннан арнайы ұшып келіп, сол арқылы оның туыстарына моральдық қолдау көрсетті”, – делінген жазбада.