Франсис Фукуяма Алматыда реформа көшбасшыларына арналған ерекше курс аясында дәріс оқиды
2023 жылғы 21-25 тамыз аралығында Алматыда алғаш рет инклюзив экономикалық өсім, орынды мемлекеттік саясат пен нарық реформаларына ықпал ететін конструктив күшті қалыптастыру үшін мемлекеттік құрылым, бизнес пен азаматтық қоғам көшбасшыларын дайындауды көздейтін Leadership Academy for Development (LAD) бағдарламасы өтіп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.
LAD мақсаты – нақты аймақ үшін, әсіресе Орталық Азия үшін, реформа көшбасшыларының қиын проблеманы және оның себептерін тану, ұжымдық әрекетке және мемлекеттік сектор мен жеке сектор арасындағы диалогқа сүйеніп іске асырылатын шешімдер қабылдау қабілетін арттыру. LAD бағдарламасы мемлекеттік және жеке секторда сындарлы реформаторлар желісін қалыптастыруға, саясат деген көбіне ең озық іс жүзінде қолдануға болатын реформаларды іздеу екенін түсінуге ықпал етеді.
Курсқа қатысушылар маусым айында таңдалды. Курс менторлары арасында танымал эксперттер де бар:
Бағдарлама менторлары мен ұйымдастырушылары туралы ақпаратпен мына сілтемеден таныса аласыз.
Франсис Фукуяма LAD бағдарламасының ерекшелігі туралы:
«LAD тақырыптық зерттеулер мен саяси проблемаларды шешудің дара жүйесін қамти отырып, үкімет пен одан тыс жерлердегі көшбасшыларға ұзақмерзімді саяси реформалар жүргізуге қажет машықтарды үйретеді. Бағдарлама дүниежүзінде шамамен 70 рет ұсынылған, енді оны Орталық Азияға жеткізуге асықпыз».
Қазақстанда Орталық Азиядағы Leadership Academy for Development бағдарламасын Стэнфорд университетінің Демократия, даму және құқық үстемдігі орталығы (CDDRL), Халықаралық жеке кәсіпкерлік орталығы (CIPE) CAPS Unlock Орталық Азия саясатын зерттеу қоры (CAPS Unlock) мен Алматы Менеджмент университетімен (AlmaU) әріптестікте ұйымдастырды.
CAPS Unlock атқарушы директоры Аида Айдарқұлова LAD бағдарламасының Орталық Азия үшін маңызы мен аймаққа ықпалы туралы былай деді:
«Бағдарлама Орталық Азия сарапшыларына Стэнфорд университетінің үздік профессорларынан білім алуға ықпал етеді, десе де, ол қолданбалы мағынада ғана маңызды деуге келмейді. Үздік қайраткерлердің Қазақстан мен Орталық Азияға келуінің өзі маңызды. Бұл әлем қауымдастығына аймақ диалогқа, жаңа идея мен ашық қоғам қалыптастыруға ашық екенін көрсетеді. Жаңа жаһандық қатерлерді түсіндіретін ойшылдардың арқасында адамзат күрделі геосаяси процесстерден өтіп, тиімді шешімдер тауып келе жатыр».
Халықаралық жеке кәсіпкерлік орталығының (CIPE) бағдарламалар жөніндегі басқарушы директоры LAD бағдарламасы туралы былай деді:
«Бүгінгі таңда CIPE Стэнфорд университетінің Демократия, даму және құқық үстемдігі орталығымен бірлесіп оннан аса бағдарламаны іске асырды. Бұл LAD бағдарламасының Орталық Азияға алғаш келуі және біз әріптестеріміз CAPS Unlock пен AlmaU-ға осы курсты ұйымдастыруда серіктес болып, көмек көрсеткені үшін алғыс білдіреміз. Біз көп өтініш қабылдап, бұл бағдарламаға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан үкіметі, жеке секторы, ғылыми және азаматтық қауымдастығынан іріктелген 35 қатысушыдан тұратын топ жасақтадық. Апта бойы қатысушылар мүдделі тараптарға толық анализ жасауды, нақты тақырыптық зерттеулерге сүйеніп экономикалық саясат проблемаларының шешімін табуды, сектораралық білім алмасу арқылы сенімді нығайтуды, реформаны іске асырушылардың алдынан шығатын проблемалардың шешімін табуды үйренеді.
Орталық Азия күрделі реформалар мен даму жолымен келе жатқандықтан, бұл бағдарлама Орталық Азия елдеріндегі талантты лидерлердің нарықтық реформалар саласындағы күрделі бастамаларын іске асыруға көмектеседі деп үміт етеміз».