Прокурор әрқайсысын алты жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын
Сәрсенбі күні Семейдің №2 соты 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде ұсталып, азаптаудан қайтыс болған қала тұрғыны Жандос Жотабаевтың өліміне қатысты полиция қызметкерлері Ерсұлтан Ағзамов пен Әлішер Қанақыновты кінәлі деп тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Олар төрт жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды, сонымен қатар олардан жәбірленуші тараптың пайдасына жалпы сомасы 4,5 миллион теңге өтемақы өндіру туралы шешім қабылданды.
«Сот Ерсұлтан Ағзамов пен Әлішер Қанақыновты Қылмыстық кодекстің 146 (Азаптау) баптың 2-бөлігі бойынша кінәлі деп тану туралы шешім қабылдады. Оларды үш жыл мерзімге мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып, әрқайсысы төрт жылға бас бостандығынан айырумен жазаланады. Қылмыстық кодекстің 6-бабы негізінде тағайындалған жаза шартты деп есептеледі», - деп үкімді оқыды судья Шымыров.
Сондай-ақ сот олардан 4 миллион теңге моральдық шығын мен 500 мың теңге материалдық шығын өндірді.
Бұған дейін прокурор әрқайсысын алты жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.