Алматыда қойма өртенді

Qaz365.kz редакциясы

 Алматыда ламинат сақтайтын қоймадан өрт шығып, қаланы түтін басты

Видеодан скриншот

25 тамыз түнгі сағат 01:36 шамасында Жетісу ауданы Сүйінбай даңығылы 55 мекенжайында ламинат қоймасы өртенді, деп хабарлайды  Qaz365.kz тілшісі қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Жоғары термиялық әсерден қойманың металл қаптамасы майысып, өрттің көрші қоймаларға өту қаупі туындады. 2 өрт сөндіру учаскесі құрылды, жанындағы қоймаларды оттан және салқындату үшін қол және лафеттік оқпандар енгізілді, бензорезбен қызған конструкциялары кесілді. Өртті сөндіру ангардың жоғары жанғыш жүктемесімен және жоғары электр сымдары жеке құрамның электр тогының соғу қаупімен қиындады. Нысанды арнайы қызмет өкілдері ажыратты. Өрт сөндірушілер қауіпсіздік техникасын сақтай отырып жұмыс істеді. Қоймада ламинат болды»,- дейді ТЖД баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге 60 қызметкер мен 16 техника жұмылдырылған. Өрт түнгі сағат 02:21 минутта оқшауланып, 04:40 минутта толығымен жойылды.

Қазіргі уақытта құрылымдарды бөлшектеу және су төгу жұмыстары жалғасуда.