Бұл дерекке қатысты Қостанай облыстық Полиция департаменті өкілдері пікір білдірді
Полиция департаменітнің мәліметінше, көпіршік кешінде кәмелетке толмаған баланы тоқ соққан, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Полиция бұл дерек бойынша соталды тергеуді бастады. 25 тамызда Ұзынкөл ауылында 9 жастағы қызды тоқ соққан. Оқиға орнында жедел медициналық көмек көрсетілді. Кәмелетке толмаған қыз аудандық ауруханаға жеткізілді», - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.
Соталды тергеу Қылмыстық кодекстің 306-бабы 2-тармағы (Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) бойынша жүргізіліп жатыр. Полиция департаментінің өкілдері бұл дерек бойынша тергеу шаралары жүріп жатқанын, қажет сараптама тағайындалған.