Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунованы қабылдады

Qaz365.kz редакциясы

Бірінші жартыжылдықта барлығы 9,3 триллион теңге бюджет қаржысы бойыншы тексеріс жүргізілген

Ақорда

Палата төрағасы Жоғары аудиторлық палатаның биылғы 1-ші жартыжылдықта атқарған қызметі жөнінде есеп берді, деп хабарлайды Qaz365.kz. президент баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Есептік кезеңде барлығы 9,3 триллион теңге бюджет қаржысы бойынша 121 нысанда 12 аудиторлық тексеріс жүргізілген;
Экология және табиғи ресурстар министрлігіне, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты ұйымдарға, сондай-ақ «Қазсушар» РМК-ға және тағы да басқа мекемелерге жүргізілген жекелеген аудиторлық тексерістердің қорытындысы туралы мәлімет берді", –  дейді хабарламада.

Кездесу соңында Президент бюджет қаржысының жұмсалуына және мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу тиімділігіне аудит жүргізу жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.