Амангелді Әбдірахманұлы Айталы – ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері
Ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Айталы қайтыс болды, деп хабарлайды qaz365.kz
Амангелді Әбдірахманұлы Айталы – ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, философия ғылымының докторы, профессор. ҚР Әлеуметтік ғылым академиясының академигі. Қазақстан Білім беру ісінің Құрметті қызметкері. Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы. Қазақстан Республикасының әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі.
Ол ұзақ жылдар білім және ғылым саласында қызмет еткен. 1999-2004 жылдар аралығында екінші шақырылымдағы және 2004-2007 жылдардағы үшінші шақырылымдағы Парламентінің депутаты болған. Бірнеше кітаптың және жүздеген ғылыми мақалалардың авторы. Тіл жанашыры.
«Құрмет» белгісі, «Парасат» ордені, ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталған.
Амангелді Айталының бірқатар жалынды сөздерін назарыңызға ұсынамыз:
Ұлттық мүддеден гөрі, күні үшін қызмет ететіндердің қарасы көбейіп кеткенін мойындауға тура келіп тұр.
Өтірік мақтап алып, сырт айнала даттау – қоғамның ең жанды жарасы.
Алдымен халықты шындықты айтуға тәрбиелеу керек.
Бюджет қаржысын жұмсау да, сайлау өткізуде және басқа салаларда мемлекеттік қызметкерлерге сенімсіздік білдіру – халықтың міндеті, парызы.
«Орамалын» беріп, шаруа шешу үйреншікті жағдайға айналған.
Мемлекеттік қызметте бес-алты жыл істегендерді «енді мамандығың бойынша жұмысыңа орал» деп, аппаратты жаңартып тұру керек.
Орыс тілінің өктемдігін тек қазақы намыс жеңе алады