Назарбаеваның құдасы жаңа қызметке тағайындалды

Qaz365.kz редакциясы

Орта және аға басшы құрамның әртүрлі жедел лауазымдарында қызмет атқарған

Ашық дереккөздерден

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Қайрат Дәлбеков жаңа қызметке тағайындалды. Ол Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығына сәйкес, Алматы қаласы, Жетісу және Алматы облыстарына қарасты Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығының міндетін атқарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ал Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция генерал-майоры Думан Таев келді.

Айта кетейік, Қайрат Сұлтанбайұлы 1963 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 1989 жылдан бастап қызмет атқарады. Орта және аға басшы құрамның әртүрлі жедел лауазымдарында қызмет атқарған. 2018-2022 жылдар аралығында Түркістан облысының Полиция департаментін басқарған.

Adyrna.kz порталының жазуынша,  Дәлбеков – тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қарындасы Әнипа Назарбаеваның құдасы.