Тоқаев ертең Қазақстан халқына жолдауын жариялайды

Qaz365.kz редакциясы

Президент жолдауы сағат 11:00-де басталады

akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауын жариялайды, деп хабарлайды  Qaz365.kz Ақордаға сілтеме жасап. Жиынға Мәжіліс және Сенат депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам мен еңбек ұжымдарының өкілдері қатысады.  

Жолдау сағат 11:00-де республикалық телеарналарда, сондай-ақ Ақорданың ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі аккаунттарында көрсетіледі.