Қазақстандықтар өз атынан кредит алуға шектеу қоя алады

Qaz365.kz редакциясы

Бұл қызмет өзгенің атынан несие рәсімдейтін алаяқтардан қорғайды

kapital.kz

Бұдан былай eGov мобильді қосымшасында және eGov электрондық үкімет порталында несие алудан ерікті түрде бас тарту туралы өтініш беру арқылы өзіңізге несие алуға шектеу қоя аласыз. 

Несиелерді алуға салынған тыйым ең азы 6 айға белгіленеді. Бұл шектеулерді кез келген уақытта алып тастауға болады.

Осылайша, өзгелердің атынан заңсыз несие алуға тырысатын алаяқтардан сақтанасыз.