Қарағандыда уланған балалардың жағдайы белгілі болды

Qaz365.kz редакциясы

Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады

gov.kz

Бүгін Қарағандыға жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Облыстық клиникалық аурухананың инфекциялық орталығына барып, зардап шеккен балаларға - арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының тәрбиеленушілеріне медициналық көмек көрсету барысымен танысты,  деп хабарлайды  Qaz365.kz денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 

“Қарағанды облысының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан түскен 14 баланың 5-і бүгінде ем алуда. Оң динамикасы бар балалар, естері анық, ерте оңалту жүргізілуде. А. Ғиният бөлімшелерге барған кезде жас пациенттердің денсаулық жағдайының оң динамикасын атап өтті. Балаларды емдеу тәсілі республикалық мамандармен үнемі бақыланады”, – дейді хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккен балалардың жағдайына және оларға медициналық көмек көрсетуге тұрақты мониторинг жүргізеді.

Айта кетейік, 30 шілдеде Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында жаппай улану орын алды. Зардап шеккендердің 14-і ауруханаға жатқызылды, олардың бірі сол күні, кейін екінші бала қайтыс болды. 12 медицина қызметкері жұмыстан шеттетілді.