«Аватар: су жолы» Қазақстанда 850 миллион теңге табыс тапты

Qaz365.kz редакциясы

Бұл – 1.8 млн доллар, картинаны 400 мыңнан артық көрермен тамашалаған

фото: ашық дереккөзден

Қазақстан және ТМД елдеріндегі Disney студиясының дистрибьюторы «Меломан» компаниясы «Аватар: су жолы» фильмі көрсетілімінің бірінші аптадағы кассасы туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды qaz365.kz  тілшісі tilkespekjoq-қа сілтеме жасап.


Өткен демалыс күндері (15-18 желтоқсан) жиынтық есеппен фильм Қазақстанда 850 млн теңгеден аса қаражат тапқан. Бұл – 1.8 млн доллар, картинаны 400 мыңнан артық көрермен тамашалаған.

«Аватар: су жолы» ТМД бокс-офисінің тізімінде бірінші орынды иеленді. Касса үлесі көп елдер ретімен: Қазақстан, Қырғызстан, Грузия, Армения, Әзірбайжан, Өзбекстан және Тәжікстан. Фильм Ресейде прокатқа шыққан жоқ, өйткені соғыс басталған кезде барлық ірі киностудиялар ресейлік нарықтан кеткен.

Алдын ала мәліметтер бойынша, фильмнің ТМД көлемінде кассасы 2.5 млн долларға жеткен, оның басым бөлігі, 1.8 млн доллар = 70%-дан астамы Қазақстан сегментіне тиесілі.

«Аватар: су жолы» көрсетілімнің алғашқы демалыс күндері дүниежүзі бойынша 434 млн доллар табыс тапқан.

«Меломан» фильмнің қазақша дубляжы бірінші уикендте көрсетілген қазақша картиналар арасында рекорд орнатып, алға шыққанын мәлімеді. Бірақ көрермен саны мен бюджетін нақтыламады. TKJ редакциясы қазақша дубляж кассасының көлемі мен көрермендер саны туралы компанияға сұрау жолдады.