Қазақстанда тағы бір министрлік құрылады

Qaz365.kz редакциясы

Тоқаев көлік министрлігін қайта құруды ұсынды

Мазур Владимир / wikimedia

Мемлекет басшысы көлік министрлігін қайта құруды ұсынды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.   

"Көлік-логистика саласын қарқынды дамыту – бұл стратегиялық міндет. Үш жыл ішінде оның ішкі жалпы өнімдегі үлесі кемінде 9 пайызға жетуге тиіс. Ол үшін саланы тиімді басқару өте маңызды. Сондықтан Көлік министрлігін қайта құрған жөн. Бұл министрлік жол инфрақұрылымын салумен де айналысады», - деді Тоқаев Жолдауда.