Тоқаевтың жарлығымен жаңа 5 министрлік құрылады

Qaz365.kz редакциясы

Президент жолдауынан кейін өзгерістер күшіне енуде

el.kz

Президенттің жолдауынан кейін өзгерістер басталып кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz. Бүгін Тоқаевтың жарлығымен мынадай министрліктер пайда болды:  
 

  • Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі;  

 

  • Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі; 

 

  • Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі;  

 

  • Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі;  

 

  • Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құрылды. 

 

Қазақстанда енді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жоқ. Ведомство екіге бөлініп, Көлік пен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құрылды.  
 
Ал Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мәдениет және ақпарат министрлігі болып өзгерді.  
 
Мәдениет және спорт министрлігі Туризм мен спорт министрлігі болып өзгерді.