Көпбаев осы жылдың мамырында әлеуметтік желіге видео жариялап, президенттен «жаныңызда жүрген Ғабекеңді бізге әкім қылып жіберіңізші» деп сұрағанын айтады
Шымкент қаласы әкімінің ауысуы үшінші мегаполисте қызу талқыланып, бөркін аспанға атып жатып жатқандар бар екен. Соның бірі – әлеуметтік желіде танымал блогер Бақытжан Көпбаев. Ол өз парақшасында әкімді Тоқаевтан өзі сұрап алғанын айтып мақтанды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Шымкент халқының көбінің ниеті қабыл болды. Әйтенов кететін болды. Орнына жаңа әкім келеді. Әйтеновтың кететінін білмеген «сәуегейлер» әлі «жалған ақпарат таратқаның үшін әлі жауапқа тартыласыз» дейді (осыдан кейін этикаға жатпайтын былапыт сөз айтады). Айтқаным келді! Құдайға шүкір құтылдық», - дейді ол.
Көпбаев осы жылдың мамырында әлеуметтік желіге видео жариялап, президенттен «жаныңызда жүрген Ғабекеңді бізге әкім қылып жіберіңізші» деп сұрағанын айтады. Сондай-ақ Көпбаев Ғабитті (ред. Сыздықбеков) көктемнен бастап Әйтеновтің орнына келуі үшін барын салып тырысқанын ашық айтады.
«Әкімді мен сұрап алып отырмын. Қәне! «Ғабекең келсін, әкім болсын» деп айттыңдар ма біреуің!? (бүгін Шымкентке әкім болған Ғабит Сыздықбековті айтып тұр) Бір адам ең болмаса айтқан болсын – айтты деп көрсеткінші қане! Менен басқа ешкім айтқан жоқ. Сәуірден бастап Әйтеновті кетіру үшін жүйелі жұмыс жасадық. Қаншама адамды ұстатқыздық. Осының бәрін істеген командаға рахмет!» - дейді ол.
Блогер ақпарат агенттігін ашқанын, онда қаншама ақпарат барын айтады. «Антикорға сенбеймін, КНБ-ға сеніп отырмын» дейді ол. «Әйтенов саған да арналған делолар жетеді», дейді Көпбаев.
«Ары қарай сөйлесеміз. Тоқаев біздікі. Ол баяғы Назарбаев құсап, жан-жағын бәрін қорғаштай беруге дайын емес. Ол өзгеріске дайын. Кім қателесті соны салайық. Бақытжан Көпбаев президентке айтты. Мына жерде есекми рушылдар бар. Олар «сіз Әйтеновті екеуінің руы біздің руымыз болғаны үшін кетсін деп жатырсыздар ма» дейді. Мынау келе жатқан әкім де солардың руы. Мен руға бөлінбеймін», - дейді ол.