Маған сенім артқан бір адам болды: экс-министр Зүлфия Сүлейменова әріптестерімен қоштасты

Qaz365.kz редакциясы

Бұған дейін экс-министр әлеуметтік желіде жазба қалдырған

Фото: primeminister.kz

Экология және табиғи ресурстар министрінің лауазымынан босаған Зүлфия Сүлейменова әріптестерімен қоштасты. Оның орнына тағайындалған Ерлан Нысанбаев пен әріптестері гүл беріп, шығарып салды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.
 

«Әрине, бірінші жауапкершілік – осы жұмысты атқара аламын ба деген ой болатын. Министр болғанша ведомствоның ішінде еңбек еттім. Соның ішінде экологияға жауапты болдым. Дегенмен  маған сенім артқан бір адам болды. Зүлфияның қолынан келеді-ау деген адам болды.  Қазіргі таңда аталған сенімді ақтауға тырысып жатырмын. Сенім деген үлкен мотивация. Әрине, артында із қалдыру», - дейді Зүлфия Сүлейменова.
 

Бұған дейін экс-министр әлеуметтік желіде жазба қалдырған.Ол  Түркістан және Қызылорда облыстарында егіс суғару кезеңін сәтті өткергенін және т.б да жұмыстарын тізіп шыққан. 
Зүлфия Сүлейменова 1990 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. 2020-2021 жылдары — Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде басшылық қызметтер атқарған. 2021 жылғы қаңтардан бастап осы уақытқа дейін VII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Ал министр лауазымына биылғы жылы 4 қаңтарда тағайындалып, 1 қыркүйекте босатылды.