Жаңа iPhone 15 қанша теңге тұрады

Qaz365.kz редакциясы

Жаңа iPhone 5 түсте шығарылады

apple.com

Apple корпорациясы iPhone 15 және Apple Watch сияқты жаңа өнімдерін таныстырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Apple ұсынған жаңа iPhone 5 түсте шығарылады.


iPhone 15 және iPhone 15 Plus экраны бұрынғы өлшемде қалады - 6,1 және 6,7 дюйм. Екі смартфонда A16 Bionic процессоры бар.

IPhone 15-тің бағасы 799 АҚШ долларынан, ал iPhone 15 Pro  Max – 1199 АҚШ долларынан басталады.

Смартфондар 22 қыркүйектен бастап сатылымға шығады.