Астананың интернеті Токионы шынымен басып озды ма? Мусин жауап берді

Qaz365.kz редакциясы

Министр Астананың интернет жылдамдығы Токионы басып озады деген еді

dknews.kz

Еліміздегі интернет сапасы Токиодан жақсы екенін мәлімдеген цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің көзқарасы өзгерді ме? Бүгін  Үкімет отырысынан кейін кулуарда тілшілерге жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Әлемдік рейтингтер барлығына белгілі, барлығына қолжетімді. Сондықтан Speedtest және басқа да рейтинг агенттіктеріне кіріп қарасаңыздар болады. Тіпті мен сіздерге сілтемесін де жібере аламын»,- деді министр.

Ол Қазақстанның азаматы мен Токио азаматы қолданатын интернет желісінің сапасын салыстыру керек болса, халықаралық зерттеулерге сүйенуіміз қажет деп айтты.