Роскомнадзор қырғыз сайтына кіруге тыйым салды

Qaz365.kz редакциясы

Роскомнадзор Қырғыздың 24.kg ақпарат агенттігінің жаңалықтар лентасына кіруге тыйым салды

economist.kg

Ресейдің коммуникация және байланыс саласындағы бақылау қызметі (Роскомнадзор) Қырғыздың 24.kg ақпарат агенттігінің жаңалықтар лентасына кіруге тыйым салды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы кеше оқырмандар сайтты Ресей Федерациясының аумағынан аша алмағанын хабарлағанда белгілі болған.

Айта кетейік, былтырғы жылдың күзінде 24.kg редакциясына Роскомнадзордан кейбір мақалаларды өшіруді талап еткен бірнеше хат келген. Олардың барлығы Украинадағы оқиғалар туралы дайджестке қатысты. 24.kg ақпарат агенттігі мәтіндерді жоюдан бас тартқан. Өйткені олар Қырғызстанда қолданыстағы ұлттық заңнаманы бұзбаған.