Прокурор Қайрат Боранбаевқа 6 жыл сұрады

Qaz365.kz редакциясы

Астананың прокуратурасы Қайрат Боранбаевпен процестік келісім жасады

aikyn.kz

Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы Қайрат Боранбаевқа қатысты істі қарап жатыр, деп хабарлады Qaz365.kz.


Қайрат Боранбаев және басқа сотталушылармен «ҚазТрансГаз» АҚ-ның ақшалай қаражатын иемденіп, оларды заңдастыруға қатысты ісі бойынша кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасады.

«Сотталушылар кінәларын толық мойындауын және 14,5 миллард теңгенің залалын өтегенін ескеріп, жәбірленуші тараптардың келісімімен қала прокуратурасы процестік келісім жасау туралы шешім қабылдады», - делінген Астана қаласы прокуратурасының хабарламасында.


Оның шарттары бойынша сотталушылар жасаған қылмыстарын мойындағандықтан Боранбаев пен Нахановтың мүлкі тәркіленіп, әрқайсына 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын қолданса, ал Жанұзақты 5 жыл бас бостандығынан айыра отырып, үшеуіде мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасының тағайындалуымен келісті.


Процестік келісім қарау және оны бекіту туралы шешімді қабылдау үшін сотқа жолданды.
Айта кетейік, кеше Қайрат Боранбаев мемлекетке 90 миллиард теңге қайтарғаны белгілі болған еді.