Kaspi Bank-ті басып алған адам кітап жазып жатқанын айтты

Qaz365.kz редакциясы

Қылмыскер қандай жаза болса да дайынмын дейді

Qaz365.kz

Жазда Kaspi банкке басып кіріп, қызметкерлерді тұтқынға алған Алихан Мұрадов кітап жазбақ, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алихан сол кезде Ішкі істер министрі Марат Ахметжановты танымағанын айтады. Ол тұтқындағы қыз Google-дан суретін көрсеткен соң ғана бас полицейдің онымен сөйлесуге келгенін түсінген. 

Ол қандай жаза болса да дайынмын дейді. Айыпталушыны қолдауға достары да келген.

“Ол кезде жағдайдың расымен қиын екенін түсіндім. Кері шегінуге жол жоқ. Әртүрлі сезімдер мен эмоциялар болды. Мен сонда өлуге дайын болдым. Қалғанын тергеу кезінде  естисіз. Кітап жазып жатырмын. Сол жақтан да оқысаңыз болады”, – дейді айыпталушы. 

Айыпталушыны қолдап сот процесіне достары келген. Қызды өлтіруіңіз мүмкін ба еді деген сұраққа айыпталушы күліп жауап берді. 

"Немен, оттықпен (зажигалка) ба? Снайперді көрген кезде  келіссөз жүргізушісінен оны алып тастауын өтіндім, әйтпесе оқ атқанда қыз да  жарақат алуы мүмкін еді», - дейді айыпталушы.

Қазір соттың шешімі күтілуде.