Бірқатар мемлекеттердің басшыларымен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары басталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Сапар барысында Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясы 78-сессиясының Жалпы дебатында сөз сөйлейді, сондай-ақ «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысады. Бұдан бөлек, Президент бірқатар мемлекеттің басшыларымен, халықаралық ұйымдардың және трансұлттық компаниялардың жетекшілерімен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.