Қазақстанға шетелден кіргізілетін арақ-шараптың салығы 1000 есе артады

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты

Pixabay.com

Қазақстанға шетелден кіргізілетін арақ-шараптың салығы 1000 есе артады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы үкімет отырысынан кейін Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты. 

«Қанша қазақстандықтың меншігінде жеке яхта, ұшақ, қымбат көлік бар екені туралы мәліметті сіздерге беріп отырмыз. Сән-салтанат салығы да осы санатқа салынады. Сән-салтанат салығы қымбат арақ-шарапқа да қолданылады. Біз оның мөлшерін 1000 есе көтереміз», - дейді Қуантырлв.


Мәселен, 10 жыл сақталған Macallan құны 7 млн теңге. Оның қазіргі акцизі бар-жоғы 700 теңге. 

«Біз ол акцизді 10 есе көтеріп, өз құнының 10 пайызын салығына қосамыз . Сән-салтанат салығы халықтың ішінде үлесі сонша көп емес белгілі бір таптағы адамдарға ғана қатысты», - дейді ол.