Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті хабарлады
Әнші, композитор Арман Қайназаровтың өліміне қатысты күдікті ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Алматы қалалық полиция департаменті аталған дерек Алатау аудандық полиция басқармасына тіркеліп, ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
«Аталған қылмысты жасады деген күдікті ізін суытпай ұсталды. Ол қамауға алынды. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр»,- деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде композитордың 4 қыркүйекте «Шаңырақ» шағынауданындағы кафе маңында жігіттермен төбелесіп, сол күні жансақтау бөліміне түскені туралы ақпарат тараған болатын. Артынша қайтыс болғаны хабарланды.