Қазақстан құрамасы Азия ойындарының алғашқы алтынын алды

Qaz365.kz редакциясы

Құрама сапында Зоя Кравченко, Әсем Орынбай, Ольга Панарина өнер көрсетті

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан алғашқы алтынын жеңіп алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Стенд атудан скит бағдарламасы бойынша сынға түскен әйелдер құрамасы финалда 350 ұпай жинады. Сөйтіп, Азия ойындарының рекордын жаңартып, чемпион атанды.
Құрама сапында Зоя Кравченко, Әсем Орынбай, Ольга Панарина өнер көрсетті.

Олар Қытай (348 ұпай) және Таиланд (342 ұпай) командаларынан озып кетті.

"Қыздарды осы тарихи жеңіспен құттықтаймын! Алтын медальдан басқа, біздің спортшылар да жаңадан жарыс рекордын орнатты, бұл жеңісті одан да әсерлі етеді. Естеріңізге сала кетейін, Алматы облысында стенд атудан Әлем Кубогында біздің құрама бірінші жалпы командалық орынға ие болған. Бүгін бүкіл Азия бұл табыстың кездейсоқ емес екенін түсінді", - деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан нысана көздеуден бір күміс, екі қола медаль жеңіп алған еді.