"7,4 млн теңге залал келтірген": АШМ Фитосанитария бас директоры тергеуге ілінді

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады

eldala.kz

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Фитосанитария» ШЖҚ РМК бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап. 

“Белгіленген тыйымға қарамастан кәсіпкерлік қызметпен айналысатын ұйымды құрып және басқарған лауазымды тұлға, 2022 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін «Фитосанитария» ШЖҚ РМК Алматы облыстық филиалының үй-жайын тегін ұсынып келген.

Күдіктінің мемлекетке жасаған іс-әрекетінен келтірілген залал құны 7,4 млн теңгені құрады.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда”, – дейді Антикор хабарламасында.