Қазақстанның бірқатар өңірінде жылыту маусымы басталды

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады

Іnform.kz

Қазақстанның бірқатар өңірінде жылыту маусымы басталды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Ең алдымен, әлеуметтік нысандар жылытуға қосылады.

Бүгінгі таңда жылыту маусымы Астана қаласында, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында басталды. 

“Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында 24 әлеуметтік нысанның 23 немесе 96% - ы қосылған. Тұрғын үйлерге ыстық су берілді. Павлодар облысының Екібастұз қаласы бойынша 90 әлеуметтік нысанның 26 немесе 28,8% - ы қосылған. Астана қаласында 240 әлеуметтік нысанның 86 немесе 35,8% - ы қосылған.

3 қазанда Алматы облысында; 10 қазанда Ұлытау облысында; 15 қазанда Алматы, Абай облысында, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында жылытуға қосылу күтілуде. 

Жылыту маусымын Шымкентте 20 қазаннан, Түркістан облысында 25 қазаннан бастау жоспарлануда”, – дейді Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.