«Кінәсі анықталса, жауапқа тартамыз»: ІІМ Риддерде қазақ тілін талап еткен белсенділерге қатысты пікір білдірді

Qaz365.kz редакциясы

Шенеуніктерінен қазақ тілінде сөйлеуді талап еткен үш белсендінің үстінен іс қозғалды

altyn-orda.kz

Риддердегі «Шаңырақ» мектебінің мәселесін көтеріп, шенеуніктерінен қазақ тілінде сөйлеуді талап еткен үш белсендінің үстінен іс қозғалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл ақпаратты үкіметтің баспасөз орталығында Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев растады.

«Олар шынымен Риддерге барған. Өткізген іс-шаралары бойынша, қылмыстық іс тіркелді. Ол қылмыстық істі тіркеудің себебі – сол жердегі азаматтардың арызы. Олар «құқықтарымыз бұзылды» деп есептейді. Арнайы филологиялық сараптама тағайындалды. Қазір сол сараптамалардың алдын ала тергеудің нәтижесі бойынша шешім қабылданады. Кінәлері дәлелденсе, анықталса, онда жауапкершілікке тартамыз”, – дейді Марат Қожаев.

Диас Құзайыровқа ешқандай бұлтартпау шарасы қабылданбаған. Бірақ телефоны тәркіленген. Полиция үйіне тінту жүргізген. Журналистер вице-министрдер мемлекеттік тілді талап еткені үшін азаматтың үстінен іс қозғау қаншалықты заңды деп сұрақ қойған. «Нонсенс емес пе?» деген сұрақ қойылды.

«Олай есептемеймін. Талап әртүрлі болады. Кейбір нәрселер орысша айтқанда орысша манерасына байланысты. Қандай да бір істерді көтеріп, қандай адамдардың құқықтарын бұзғанына байланысты болады. Риддердегі азаматтар өздерінің «құқығы бұзылды» деп санап отыр. Іс барысында анықталады”, – дейді Қожаев.

Риддерге барған Диас Құзайыров, Әділжан Абдіғалиев пен Әділ Юсуповтың қаладағы жалғыз қазақ мекттебі «Шаңырақтың» мәселесін көтерген. БАҚ-тың жазуынша, Риддер әкімдігінің төрт қызметкері олардың үстінен арыз жазған.