ҰҚК қылмыстық топтардың 72 мүшесін ұстады

Qaz365.kz редакциясы

Арнайы операция бір мезгілде Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарында жүргізілді

gov.kz

2023 жылғы 5 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесе және Бас прокуратураның үйлестіруімен бір мезгілде Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарында арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Нәтижесінде қару мен есірткіні заңсыз сақтауға, бопсалауға, заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастыруға және өзге де ауыр қылмыстар жасауға күдікті топтардың 72 мүшесі тергеу амалдарын жүргізу үшін жеткізілді.

"Топтар өз әрекеттерін Қытаймен («Қорғас» ХШЫО),Өзбекстанмен («Жібек жолы» өткізу пункті) және Қырғызстанмен («Қордай автомобильдік» өткізу пункті) шекаралас учаскелерде жүзеге асырған.

Тінту барысында атыс қаруы оқ-дәрілерімен, ірі ақша қаражаттары, есірткі, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Тергеу іс-шаралары жүргізілуде” , – дейді .