«Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің көрсетілім мерзімін тағы бір аптаға ұзартылды

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы Ұлттық арна хабарлады

Qazaqstan.tv

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы аудитория сұранысына байланысты «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің кинотетарлардағы көрсетілім мерзімін тағы бір аптаға ұзартты, деп хабарлайды Qaz365.kz "Қазақстан” ұлттық арнасына сілтеме жасап  

«Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі өткен жылы Корпорацияның толықтай мемлекеттік тапсырыс негізінде түсірілген 6 сериялы телехикаядан дайындаған кинотуындысы. Яғни, фильм мемлекеттік қаражат есебінен түсірілді.

"Келісімшартқа сәйкес фильм 21 қыркүйектен бастап барлық қалалардағы үлкен экрандарда 15 күн бойы прокатта жүрді.

Бұдан бұрын бір рет сұранысқа сәйкес көрсетілім  4 күнге ұзартылған еді”, – дейді телеарна хабарламасында.

Айта кетейік, фильмнің көрсетілім мерзімі аяқталып, прокаттан алынып тасталған еді.