Министрдің айтуынша, туындыны таяуда ұлттық арна өз платформасында жариялайды
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Міржақып. Оян, Қазақ» фильмінің кинотеатрларды ұзарту жөнінде ойын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz. Министрдің айтуынша, туындыны таяуда ұлттық арна өз платформасында жариялайды.
«Біріншіден, бұл фильм мемлекеттің ақшасына түсірілгенін атап өтейік. Былтыр ол Qazaqstan ұлттық арнасынан көрсетілген. Қазір телеарна өз платформасында және ютуб-арнасында жариялайды. Прокатты ұзартты. Бірақ бәрі де прокат компанияларының кестесіне байланысты болады. Өйткені біз оларға үлкен тізіммен жүгініп отырмыз. Олар прокатқа біздің «Кино» орталығы биыл түсірген фильмдерді енгізсе дейміз. Сол себепті, меніңше, олар үшін бұл үлкен жұмыс болады», - деді Аида Балаева.
Еске сала кетейік, бүгін филльмнің прокаттан алынуы әлеуметтік желіде қызу талқыланған еді. Кейін ұлттық арнаның өзі прокаттан туындыны қайтарып алғаны белгілі болды. Алайда көп өтпей прокатты тағы бір аптаға ұзартқанын хабарлады.
Телерадиокорпорация келісімшартқа сәйкес фильм 21 қыркүйектен бастап барлық қалалардағы үлкен экрандарда 15 күн бойы прокатта көрсетілген. Бұдан бұрын бір рет сұранысқа сәйкес көрсетілім 4 күнге ұзартылған.