Алматыда мешіт ұрылары ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Полицейлері мешітте жасалған 7 ұрлықтың бетін ашты

Фото: Polisia.kz

Алматыда мешітте ұрлық жасауды кәсіпке айналдырған екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап. 

Қаланың Бостандық ауданының полицейлері мешітте жасалған 7 ұрлықтың бетін ашты. Жедел іздестіру кезінде 29 және 34 жастағы жұмыссыз ер адамдар ұсталды.

Біреуінің 5 қылмысқа қатысы бары дәлелденді, оның “әріптесі” екі рет ұрлық жасаған. Екеуі де қаланың ірі мешіттерінің бірінде бірнеше ұрлық жасаған.

"Зардап шеккендердің айтуынша, олар намаз кезінде телефондарын аяқтарының астына еденге қойған. Намаздан кейін олар телефондарын таппай қалған. Ұсталғандар өз кінәларын мойындады. Күдіктілердің қаланың басқа да аудандарында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексерудеміз. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.