Санкт-Петербург қаласында ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуі өтті
Санкт-Петербург қаласында ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуі өтті, деп хабарлайды qaz365.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Оған Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары жиылды.
Путин ТМД елдерін орыс тілі біріктіретінін және оның келесі жылы оның рөлі арта түсетінін жеткізді.
"Біздің халықтарымызды көп нәрсе байланыстырады: ортақ тарих, рухани тамырлар, өзара терең араласқан мәдениеттер мен дәстүрлер, құндылықтар мен салт-сана және әрине, орыс тілі. Орыс тілі көпұлтты мемлекеттерімізді өзара тығыз біріктіретін қуатты күшке айналды. Тағы естеріңізге сала кетейін, 2023 жылы ТМД елдері Орыс тілі жылын өткізуге шешім қабылдады. Орыс тілінің аймақтағы халықаралық қатынас тілі мәртебесін қолдауға, сақтауға және нығайтуға, жан-жақты насихаттауға бағытталған іс-шаралардың кең ауқымды бағдарламасы әзірленді. Бұл іс-шараларды өткізу ТМД мемлекеттерін рухани және мәдени байытуға септеседі", – деді Путин