Екібастұз жұрты тағы жылусыз отыр

Qaz365.kz редакциясы
фото: ашық дереккөзден

Екібастұздағы бірнеше үй тағы да жылу беруден уақытша ажыратылды, деп хабарлайды qaz365.kz  тілшісі Pavlodarnews-ке сілтеме жасап.

Екібастұз қалалық әкімдігінің мәлімдеуінше, 27 желтоқсан күні  Строительная-Павлов көшелерінің қиылысынан инженерлік жолға қарай  жылу желісі ажыратылды. Мұнда 24 жылу желісінің учаскесін ауыстыру көзделуде. Молдағұлова көшесі, 22, 24/б, 26, инженерлік жол, 11, 13, 3/1, 4 жеке тұрғын үйлерде, сондай-ақ Момышұлы көшесі, 23, 29, Молдағұлова көшесі, 22 мекенжайлары бойынша заңды тұлғаларда жылумен жабдықтау болмайды.