Алматыда жылу беріле бастады

Qaz365.kz редакциясы

Жылу беру 10 қазаннан бастап кезең-кезеңімен жүргізіледі

dailyadvent.com

«Алматы жылу желілері» мекемесі қаладағы әлеуметтік нысандарға бүгіннен бастап жылу беріле бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz

Кәсіпорын мәліметінше, медицина, білім мекемелері мен өзге де әлеуметтік нысандарға 10 қазаннан бастап кезең-кезеңімен жылу беріледі.

"Медицина, білім беру ұйымдары мен өзге де әлеуметтік нысандарға 10 қазаннан бастап кезең-кезеңімен жылу беріледі. Бірінші кезекте әлеуметтік нысандарды жылу жүйесіне қосу жоспарланған. Мұндай шешім осы ұйымдардың жұмыс ерекшелігін ескеріп қабылданды", – делінген "Алматы жылу жүйесі" ЖШС баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Тұтынушыларға жылу беру мынадай кезекпен жүргізіледі:

  • балалар, емдеу, мектеп мекемесі, кәсіптік мектептер, медициналық-әлеуметтік мекемелер;
  • тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақ үйлер;
  • әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, театрлар;
  • басқа да ғимараттар.