Атырауда экологияны ластаған мұнай компаниясына 923 млн теңге айыппұл салынды

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы Атырау облысының прокуратурасы хабарлады

Freepik

Атырауда «Жылыой Болашақ» ЖШС рұқсат құжаттарынсыз мұнай шламдарын жинақтау бойынша қызметті жүзеге асырғаны анықталды,  деп хабарлайды Qaz365.kz

“2022 жылдан бастап қауіпті қалдықтарға жатқызылған 477 тонна мұнай шламы жинақталған.

Осы факті бойынша «Жылыой Болашақ» ЖШС-не сот 923 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Өз кезегінде прокуратура «әрбір табиғат пайдаланушының қоршаған ортаны қорғаудың және оған рұқсат етілген антропогендік әсер ету нормативтерін қатаң сақтаудың маңыздылығын, өйткені бұл адамның денсаулығы мен өміріне тікелей әсер ететінін» белгілейді”, – деп мәлімдеді Атырау облысының прокуратурасы.