Шымкентте басқарма басшысы 1 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы Антикор хабарлады

gov.kz

Шымкентте басқарма басшысы  жемқорлық фактісі бойынша әшкереленді, деп хабарлайды  Qaz365.kz

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағаттар басқармасы басшысының заңсыз әрекетінің жолын кесті.

Ол өзінің қарамағындағыдан еңбек шартын ұзартқаны және қызметтегі жалпы қамқорлығы үшін 1 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде. 

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.