Қазақстанда петицияны арнайы форма арқылы жазуға болады

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады

Фото ашық дереккөзден

Ашық НҚА порталында Мәдениет және ақпарат министрлігінің бұйрық жобасы жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ұлттық арнаға сілтеме жасап. Жоба бойынша, Қазақстанда петицияны арнайы форма арқылы жазуға болады.

Петиция eotinish.kz сайты арқылы беріледі. Петиция беру үшін мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы уәкілетті органға белгіленген нысан бойынша арыз жазу қажет. Арызда аты-жөні, ЖСН, тұрғылықты мекенжайы, байланыс нөмірі және петиция мазмұны көрсетілуі тиіс.

Сондай-ақ азаматтар ұсынатын ақпараттың дұрыстығына жауапты екенін растауы керек.

Бұйрық 2024 жылғы 4 сәуірде күшіне енеді.