ШҚО тұрғыны Қазақстаннан мен Ресейден 20 жылға жуық зейнетақы алып отырған

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі

gov.kz

ШҚО тұрғыны Қазақстаннан да, Ресейден де 20 жылға жуық зейнетақы алып отырған, деп хабарлайды Qaz365.kz

Зейнеткер 2002 жылы көрші елдің азаматтығын алғанымен, Қазақстан азаматтығынан бас тартпаған. Осылайша, 2004 жылдан бастап “қос” зейнетақы алған. Қазір өзі Ресейде тұрып жатыр.

«Мемлекетке 13 миллион теңгеден астам шығын келді», - деп хабарлады бұған қатысты ШҚО көші-қон қызметі.

Құқық қорғау органдары әйелден қазақстандық құжаттарды тәркілеп, азаматтық заңнаманы бұзғаны үшін 100 АЕК (345 мың теңге) көлемінде айыппұл салды.