Бұл қайғылы оқиға Астанадағы концерт кезінде болған, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Топ мүшелері қайғылы хабарды сахнада жанкүйерлеріне жеткізді. Әлеуметтік желілерде топ мүшелерінің видеолары белсенді түрде тарап жатыр. Белгілі болғандай, мобилограф бүгін концерт алдында құлап, көз жұмған. Сондықтан концерт тоқтатылды.
«Жалпы, біз үшін бұл туралы айту өте қиын. Топтың насихатын жүргізіп жүрген мобилограф сахнада құлап қайтыс болды. Сондықтан бүгін концерт өткізе алмаймыз. Келгендеріңізге, қолдау көрсеткендеріңізге көп рахмет. Біз сіздерді ерекше жақсы көреміз», - деді «ИК» тобының мүшесі Азамат Маркленов.