«Ирина Кайратовна» тобының мобилографы Жылқайдар Шахназдың өлімінің себебі белгілі болды

Qaz365.kz редакциясы

Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері пікір білдірді

Qaz365.kz коллажы

Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері мобилограф Шахназ Жылқайдардың қазасына қатысты пікір білдірді.

«14 қазанда Жылқайдар Шахназдың денесі сот-медициналық сараптама жұмыстарын жүргізу үшін Сот сараптама институтына жеткізілді. Өлімнің алдын ала себебі — жедел геморрагиялық панкреонекроз», - делінген әкімдік мәліметінде.

Өлімнің нақты себебі токсикологиялық зерттеу нәтижелерін алғаннан кейін белгілі болады. Зерттеу жұмыстары екі аптаға дейін жүргізіледі.