Tik-Tok желісінің қолданушысы көрінеу жалған ақпарат таратқан.
Мойынқұм аудандық сотында ар-намысты қорғау туралы іс тыңдалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Сот өкілдерінің мәліметінше, Мойынқұм аудандық сотында А .есімді азаматқа қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың 73-3-бабы, 2-бөлігі «Жала жабу» бойынша әкімшілік іс қаралды.
«2023 жылдың қазанында А. есімді азамат Tik-Tok әлеуметтік желісінде видеожазба жариялап, С. есімді зардап шегушіні жеңіл жүрісті қыз деп айтқан. Сол арқылы оның ар-намысына нұқсан келтіретін көрінеу жалған ақпарат таратқан», - деп хабарлады Жамбыл облыстық соты баспасөз қызметі.
Істі қарау кезінде А. кінәсін толықтай мойындап, ісіне өкінді. Зардап шеккен қыз оны кешіріп, істі тоқтатуды сұрады.
Сот бұйрығымен А. әкімшілік жауапкершіліктен босатылып, екі тарап татуласқандықтан іс тоқтатылды.
Бұйрық заңды күшіне енген жоқ.