Өскеменге барсаңыз, жердің бәрі Ахметовтікі, Павлодарда Бақауовтікі, Астананың маңайы Шөкеевтікі

Qaz365.kz редакциясы

“Өскеменге барсаңыз, жердің бәрі Ахметовтікі, Павлодарда Бақауовтікі, Астананың маңайы Шөкеевтікі” бұл туралы Мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбинов мәлімдеді, деп хабарлайды qaz365.kz

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Берік Дүйсенбинов Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке жер халыққа қашан қайтарылатыны туралы сұрақ қойып, министрліктің жұмысын сынады. 

Ербол Шырақбайұлы, жаңа әдемі баяндама жасадыңыз. Бірақ «мыңдаған гектарды қайтарып жатырмыз» деген сөзіңізге елдің сәлемін жеткізгім келіп отыр. Өзім жақында елден келдім. Қай облысқа бармасаңыз, жолдың оң жағы да, сол жағы да әкімнің жері. Қайтып жатқан жер жоқ. Мал ұстап, егін егіп отырған кісілер жерге зәру болып отыр. Қолы күштілер бұрынғы қалпында қалып отыр. Жердің иелерін тақтаға жазып, көрсетуге кім кедергі? Өскеменге барсаңыз, жердің бәрі Даниал Ахметовтікі. Павлодарға барсаңыз, Бақауовтікі, Астананың маңайындағы Шөкеевтікі. Оны айтуға бәрі қорқып отыр. Баяндамаңызда айтылған мыңдаған гектардың бәрі өтірік. Халық назары болып отыр. Халыққа жер жетпей отыр. Әдемі баяндаманың орнына қашан қолға аласыздар? Жердің иесін тақтаға атын жазыңыздар! Неге атын жазуға ұяласыздар? Бұрыңғы отырған байлар солай әлі отыр, - дейді Мәжіліс депутаты.