Қазақстанда бала тәрбиесіне байланысты жаңа департамент құрылды

Qaz365.kz редакциясы

Енді мектептерде өткізілетін іс-шаралардың саны қысқарады.

ашық дереккөзден

“Оқу-ағарту министрлігі жанынан Тәрбие және қосымша білім беру департаменті құрылды. Бұл туралы министр Ғани Бейсембаев айтты”, – деп хабарлайды Qaz365.kz

Министр жаңа басқарманың негізгі міндеті – елдегі тәрбие жұмысын жаңғырту екенін атап өтті.

Ведомство басшысының айтуынша, департамент басшысы Меруерт Медетбекова қазірде аймақтарды аралап, «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» атқарылуы бойынша мектептердің басшылығымен кездесулер өткізуде.

Министр «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» арқылы бала тәрбиесіне ықпал ететін іс-шаралар ғана қалдырылып, артық жиындар алынып тасталатынын айтты. Сондай-ақ оның сөзінше, бағдарлама аясында өзге министрліктермен де бала тәрбиесіне байланысты бірлескен жұмыс жүргізіледі.