Қазақ тілін меңгеру бойынша жаңа талап. Кімдерге емтихан тапсыру міндетті

Qaz365.kz редакциясы

Қазақ тілін меңгеру бойынша жаңа талаптар енгізіледі.

bostonmais.com

Елордада Стандарттау жөніндегі кеңейтілген ғылыми-техникалық кеңес өтті, онда ҚР ұлттық стандарттарының жобалары қаралды, оның ішінде Деңгейлер бойынша қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері жөніндегі жобалар мақұлданды,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, стандарттың негізгі мақсаты – қазақ тілін меңгеру деңгейін белгілеу, содан кейін ҚР Ұлттық тестілеу орталығы тестілеуді өткізіп, тиісті сертификаттар береді.

«Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңның қабылдануымен байланысты жоғарыда аталған әзірленген стандарттар өте қажет, өйткені олар жұмысты нақты регламенттер мен талаптарға сәйкес келтіреді», - деді Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Жарылқасынұлы.

Осылайша, міндетті тестілеуден келесідей санаттар өтеді:

  • - магистратура мен докторантураға түсетін студенттер.
  • - мемлекеттік әкімшілік қызметтің «А» органының кадр резервіне енгізілген қызметкерлер.
  • - «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткер талапкерлер.
  • - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясына түсуге үміткер студенттер.
  • - «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» оқытушылары.

Стандарт әзірлеушісі – ҚазСтандарт. Қолданысқа 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізу жоспарланып отыр.